Саясат

Күту мен таңдау: сайлау науқаны барысында қазақстандықтардың электоралды көңіл-күйі қалай өзгерді?

📃Күту мен таңдау: сайлау науқаны барысында қазақстандықтардың электоралды көңіл-күйі қалай өзгерді? Құрылтай депутаттарын сайлау қарсаңында Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты 2026 жылғы 13 маусым мен 17 тамыз аралығында DATAMetrics (ҚСЗИ тапсырысы бойынша), Қазақстандық қоғамдық даму институты (ҚҚДИ), Еуразиялық интеграция институты, Демократия институты және Қоғамдық саяси институты жүргізген жеті әлеуметтанулық зерттеудің деректерін талдады. Салыстырмалы талдауға сәйкес, Қазақстанда сайлау науқаны барысында азаматтардың дауыс беруге дайындығы тұрақты түрде жоғары деңгейде сақталып отыр. Сонымен қатар, өз таңдауын әлі айқындамаған сайлаушылар саны азайып, партиялық таңдаулардың көрінісі барған сайын айқындала түсуде. Барлық жеті зерттеуде, олардың жүргізілу мерзімі, әдіснамасы және іріктеу көлемі бойынша айырмашылықтарына…
Подробнее

Қорытынды сауалнама: қазақстандықтардың 73,1%-ы сайлауда дауыс беруге дайын

Демократия институты 2026 жылғы 20 шілде мен 6 тамыз аралығында жүргізілген әлеуметтанулық зерттеу нәтижелерін ұсынады. Сауалнама нәтижелеріне сәйкес, Құрылтай депутаттарының сайлауында қазақстандықтардың қатысу деңгейі айтарлықтай жоғары болады деп күтілуде. «Егер Құрылтайға (Парламентке) сайлау келесі жексенбіде өтсе, Сіз дауыс беруге барар ма едіңіз?» деген сұраққа сауалнамаға қатысқандардың 73,1%-ы сайлауда дауыс беруге ниетті екенін білдірді. Басқаша айтқанда, респонденттердің төрттен үшеуі Құрылтай депутаттарының сайлауына қатысуға ниетті. Әлеуметтанулық сауалнама 2026 жылғы 20 шілде мен 6 тамыз аралығында Демократия институтының қаржыландыруы негізінде жүргізілді. Іріктеме көлемі 8000 респондентті құрады. Сауалнамаға 17 облыс пен 3 республикалық маңызы бар қала – Астана, Алматы және Шымкент қалаларының 18 жастан…
Подробнее

Сайлауалды науқан: соңғы күндердегі негізгі оқиғалар

Сайлауалды науқан: соңғы күндердегі негізгі оқиғалар 40 мың шақырымнан астам жол, 16 өңір және қарсыластарға жаңа үндеу – 15 және 16 тамыздағы сайлауалды науқан осындай көрсеткіштермен есте қалды. «Әділет» керуені экватор ұзындығынан да көп жол жүрді, ЖСДП «Ауыл» партиясына тікелей дебатқа шығуды ұсынды, ал басқа партиялар зауыттарда, егістік алқаптарында, клиникаларда, табиғи парктер мен IT алаңдарда сайлаушылармен байланыс орнатуды жалғастырды. Сайлауға бір апта қалғанда науқан өңірлерде ғана емес, қоғамдық-саяси кеңістікте де айқын көріне бастады. «Әділет» партиясы Алматыда қаланың ғылыми және шығармашылық зиялы қауым өкілдерімен бірқатар кездесу өткізді. Ұлттық ғылым академиясында ғалымдар, жазушылар мен мәдениет қайраткерлері ғылымды дамыту және мәдени кодты сақтау…
Подробнее

Бағдарламалар бәсекесінен шешімдер бәсекесіне: сарапшылар «Сайлау-2026» партиялық науқанын талқылады

13 тамыз күні Алматы қаласында Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты ұйымдастырған «Партиялар бәсекесі: идеялар, бағдарламалар және сайлаушы үшін күрес» атты сараптамалық платформа өтті. Талқылаудың негізгі өзегіне саяси партиялардың идеологиялық ұстанымдары, сайлауалды бағдарламаларының мазмұны және сайлаушылардың қолдауына ие болу жолындағы бәсекелестіктің сипаты арқау болды. Қатысушылар саяси күштердің бағдарламалары сайлаушыларға мазмұнды балама ұсына ала ма, қоғамның қазіргі сұраныстары ел дамуының ұзақ мерзімді міндеттерімен қаншалықты үйлеседі, сондай-ақ сайлау науқаны аяқталғаннан кейін партиялардың азаматтармен диалогы қандай болуы керектігін талқылады. Сараптамалық платформаның модераторы ретінде ҚР Президенті жанындағы КСЗИ директоры Жандос Шаймарданов жүргізді. Пікірталасқа КСЗИ өкілдерімен қатар, жетекші ғылыми және білім беру ұйымдарының,…
Подробнее

Теледебаттар миллиондаған аудиторияның назарын аударды – саясаттанушы

«Сайлау-2026» науқаны аясындағы теледебаттар телевизиялық алаңға қарай сайлаушылардың әртүрлі жастағы және гендерлік топ өкілдерінің назарын аударуда. Дебаттар аудиториясының салыстырмалы деректерін Алматыда өткен «Сайлау-2026: саяси науқанның сипаты» сарапшылық алаңы аясында саясаттанушы, баспагер Бақытжан Бұхарбай таныстырды. Іс-шараны ҚР Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты ұйымдастырды. Ұсынылған деректерге сәйкес, «Qazaqstan» телеарнасындағы дебаттарды 560 мың адам, ал «7 арнадағы» эфирді 1,45 млн адам көрген. Сонымен қатар екі эфирдің аудиториясы жас және жыныстық құрамы жағынан бір-бірінен айтарлықтай ерекшеленді. «Qazaqstan» телеарнасындағы дебаттар аудиториясының 61,5%-ын ерлер, 38,5%-ын әйелдер құрады. Ал «7 арнада», керісінше, әйелдер аудиториясы басым болып, сәйкесінше – 66%, ерлердің үлесі 34%-ды құрады. Көрермендердің жас ерекшеліктері…
Подробнее

Белсенді сайлау науқаны Құрылтай сайлауындағы қатысу белсенділігін арттыруы мүмкін – сарапшы

Алдағы Құрылтай сайлауындағы сайлаушылардың қатысу деңгейі 2023 жылғы Парламент сайлауындағы көрсеткіштен жоғары болуы мүмкін. Бұған қазіргі сайлау науқанының белсендірек өтуі, партиялар арасындағы бәсекенің күшеюі және халықтың әртүрлі топтарының электоралдық үдеріске кеңінен тартылуы ықпал етуде. Бұл туралы Алматыда өткен, Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты ұйымдастырған «Сайлау-2026: саяси науқанның сипаты» сарапшылар алаңында Философия, саясаттану және дінтану институтының директоры Айгүл Сәдуақасова мәлімдеді. Сарапшы соңғы жылдардағы Қазақстандағы жалпыұлттық сайлау науқандарындағы азаматтардың қатысу динамикасын ұсынды. 2019 жылғы президенттік сайлауда сайлаушылардың қатысу деңгейі 77,5 пайызды, 2021 жылғы Парламент сайлауында – 63,3 пайызды құрады. 2022 жылғы президенттік сайлауда бұл көрсеткіш 69,44 пайыз, ал 2023…
Подробнее

ЖИ сайлау науқандарының жаңа шындығына айналып келеді – сарапшы

Жасанды интеллект сайлау науқандарының жаңа құрамдас бөлігіне айналып, саяси контент өндіру тәсілдерін өзгертіп қана қоймай, сайлау үдерісіне деген сенімге қатысты жаңа тәуекелдерді де туындатып отыр. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты Алматыда ұйымдастырған «Сайлау-2026: саяси науқанның сипаты» сарапшылар алаңында қоғам қайраткері Ерлан Смайлов мәлімдеді. Сарапшының айтуынша, қазіргі сайлау науқанының ерекшеліктерінің бірі – саяси партиялардың генеративті жасанды интеллект құралдарын белсенді қолдануы. Бұл әсіресе медиаконтент өндіру саласында айқын байқалады. Өйткені жаңа технологиялар контент әзірлеуге кететін уақыт пен қаржылық шығындарды едәуір қысқартуға мүмкіндік береді. Нейрондық желілерді баяндамалар мен мәтіндер әзірлеуге, партиялардың бағдарламаларын талдауға, үгіт-насихат материалдарын, пікірлерді, кескіндерді, аудио және бейнематериалдарды…
Подробнее

Өңірлік сайлаушының талғамы әркелкі: сарапшы партиялық науқандардың жаңа логикасы туралы

Саяси партияның өңірлердегі табысы көбіне оның жергілікті өкілдерінің беделіне және сайлаушылардың әртүрлі топтарының сұраныстарын ескере білу қабілетіне байланысты. Бұл туралы Алматыда өткен ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты ұйымдастырған «Сайлау-2026: саяси науқанның сипаты» сарапшылар алаңы аясында Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының Білім беру және қоғамдық даму ғылымдары орталығының жетекшісі Жеңісбек Төлен мәлімдеді. Сарапшының айтуынша, сайлаушы үшін партия тек оның орталық басшылығы мен жалпыұлттық бағдарламасы арқылы ғана таныла бермейді. Өңірлік деңгейде саяси күштің негізгі өкілі көбіне нақты кандидат, депутат немесе партияның жергілікті филиалының басшысы болады. Сондықтан жергілікті саясаткерлердің кәсібилігі, ашықтығы, халықпен диалог орната білуі және азаматтардың өтініштеріне жауап беруі тұтастай…
Подробнее

Сарапшылар «Сайлау-2026» сайлау науқанының негізгі үрдістерін талқылады

13 тамызда Алматы қаласында Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты ұйымдастырған «Сайлау-2026: саяси науқанның сипаты» сарапшылық алаңының отырысы өтті. Талқылау барысында қоғамның көңіл-күйі мен қазіргі сайлау науқанының негізгі үрдістері, азаматтардың сайлауға қатысуға дайындығы, партия таңдауға ықпал ететін факторлар, өңірлік ерекшеліктер, теледебаттар, саяси коммуникациялар және үгіт-насихат барысында жасанды интеллектіні қолдану мәселелері қарастырылды. Сонымен қатар қатысушылар партиялар мен кандидаттарға деген сенімнің рөліне, сондай-ақ азаматтардың электоралдық таңдауын айқындайтын негізгі факторларға ерекше назар аударды. Сарапшылық алаңның ерекшелігі – талқылауға Қазақстанның барлық өңірінен сарапшылардың онлайн-конференция форматында қатысуы болды. Бұл жалпыұлттық ахуалды өңірлердегі нақты жағдайға қатысты бағалаулармен толықтыруға және еліміздің әр бөлігіндегі сайлау науқанының…
Подробнее

Jibek Joly телеарнасында жеті саяси партияның дебаты аяқталды

Құрылтай сайлауы алдындағы партиялар командалық теледебатының сауалнама қорытындысы анықталды. Рейтингте «Әділет» партиясы 60,6 пайыз дауыспен көш бастап тұр. Jibek Joly телеарнасы тікелей эфирі кезінде көрерменге «Қай партия командасының сөзі өтімді?» деген сауал қойылды. Көрермен экранның төменгі жағындағы QR-код арқылы дауыс берді. 2 сағатқа жуық аралықта сауалнамаға 165 153 көрермен қатысқан. Сауалнаманы «Jibek Joly» телеарнасының тапсырысы бойынша Қазақстандық қоғамдық даму институты жүргізді. Онлайн дауыс беру сайлау учаскесінде берілетін ресми дауыстың орнын алмастырмайды және сайлауға қатысушы партияның ресми рейтингін білдірмейді. Бұл – көрерменнің командалық телевизиялық дебатқа қатысқан партия өкілдерінің жауабы мен белсенділігіне берілген дербес баға. Теледебат қалай өтті Теледебаттың басты ерекшелігі –…
Подробнее