Орындаусыз қалған келісімшарт: Департамент шешкен даулы жағдай
Ақмола облысы бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне өңір тұрғынынан жиһаз тапсырысының сапасы мен орындалу мерзіміне қатысты шағым түсті. Құны 1 000 200 теңге болатын келісімшартқа сәйкес, кәсіпкер жиһазды белгіленген мерзімде жасап, жеткізуге міндеттенген. Алайда кейбір бұйымдар кешіктіріліп жеткізілген, кейбірінде ақаулар болған, ал кейбір элементтер толықтай болмаған. Мұндай жағдайда тұтынушы қалай өз талаптарын орындаушыға дұрыс қою керегін білмей, Департаментке жүгінді. Департамент мамандары тұтынушылардың құқықтарын қорғау тәртібі мен заңнамалық нормаларды жан-жақты түсіндіріп, қажетті консультативтік қолдау көрсетті. Тұтынушыға ақаулар тізімін, кемшіліктерді жою және келісімшарт бойынша міндеттемелерді толық орындау туралы талаптарды қамтитын ресми шағым хатты дұрыс әзірлеуге көмек көрсетілді. Құжаттар дайындалғаннан кейін…
