Көкшетауда жүкті әйелді бір топ құтырған ит қауып алған
Көкшетау қаласындағы Бурабай ықшам ауданында дәрігер қабылдауынан шыққан жүкті әйелге бір топ қаңғыбас ит шабуыл жасаған, деп хабарлайды ақпарат агенттігі. Оқиға кезінде көшеде жүрген шамамен он шақты ит бірнеше әйелге лап қойған. Босануына санаулы апта қалған әйел қашып үлгермей, иттер оның аяғын тістеп жарақаттаған. Жәбірленушінің айтуынша, алдымен иттер жанында келе жатқан әйелге ұмтылып, кейін өзіне қарай ауысқан. Абырой болғанда, сол маңнан өтіп бара жатқан ер адам араласып, иттерді қуып жіберген. Ол жарақат алған әйелге жедел жәрдем шақырып берген. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, әйел Көкшетау қаласындағы көпбейінді облыстық аурухананың қабылдау бөліміне жеткізілген. Дәрігерлер оның оң жақ балтырының артқы бөлігінде ұзындығы…
