Маусым айында 167,8 мың автокөлік есепке қойылды
2026 жылғы маусым айында Қазақстан Республикасында 167 878 автокөлік есепке қойылды. Бұл ағымдағы жылдың мамыр айындағы көрсеткішпен (147 668 бірлік) салыстырғанда 13,7% жоғары. Есепке қойылған автокөліктердің жалпы санының 87,4% жеңіл автомобильдер, 5,7% жүк автомобильдері, 2,4% тіркемелер, 1% мотоциклдер, 0,9% автобустар және 2,6% өзге де автокөлік құралдары құрады. Маусым айында есепке қойылған көліктердің қозғалтқыш көлемі бойынша 34,5% 1500–2000 см³ аралығына тиесілі. Пайдаланылатын отын түрлері бойынша: бензинмен жүретін – 136 232 көлік құралы (жалпы санының 81,1%); дизель отынымен жүретін – 10 845 көлік құралы (6,5%); газбен жүретін – 895 көлік құралы (0,5%); аралас отын түрін пайдаланатын – 11 183 көлік құралы (6,7%);…
