Ерейментау ауданында су тасқыны кезеңіне дайындық жұмыстары пысықталуда
Ерейментау ауданында су тасқыны қаупі жоғары кезеңге ауқымды дайындық жұмыстары жүргізілді. Су басу қаупі бар аймақта 11 елді мекен, соның ішінде Ерейментау қаласы орналасқан. Көктемгі су тасқынына өңірдің қалай дайындалып жатқаны туралы аудан әкімінің орынбасары Ербол Құттыбаев Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтып берді. «Ерейментау қаласында арық жүйелері орнатылып, олардың өткізгіштік қабілеті арттырылды, еріген қар суын бұру үшін жер бөгеттері салынды. Ауылдық округтерде бөгеттер нығайтылып, Сілеті, Құмай және Өлеңті өзендерінің арналарын тазарту және тереңдету жұмыстары жүргізілді», – деді аудан әкімінің орынбасары. Мұнда Сілеті су қоймасы, Шымбұлақ, Өлеңті және Бәймен бөгеттері тәрізді төрт гидротехникалық құрылғы бар. Барлығы қанағаттанарлық жағдайда, алайда…
