«Макинск жылу оқшаулау зауыты» ЖШС ұжымы референдум өткізуді қолдайды
Бұланды ауданында «Макинск жылу оқшаулау зауыты» ЖШС еңбек ұжымы алдағы жалпыхалықтық референдумды қолдайтынын білдірді. Өңірдің индустриялық дамуына елеулі үлес қосып отырған өнеркәсіп кәсіпорнының қызметкерлері отандастарын бірлік танытып, дауыс беруге белсенді қатысуға шақырды. Зауыт қызметкерлері конституциялық реформалар экономикалық өсімге берік негіз қалыптастырып, заң үстемдігін нығайтады деп сенеді. Ұжымның пікірінше, саяси жүйені жаңғырту өндіріс саласының дамуына қатысты өзекті мәселелерді тиімді шешуге және азаматтардың әлеуметтік қорғалуын күшейтуге мүмкіндік береді. Кәсіпорынның ұстанымын білдірген «Макинск жылу оқшаулау зауыты» ЖШС басшысы Никита Захаренко: «Біздің өндіріс сапа мен жауапкершілік қағидаттарына негізделген. Бүгінде елге тұрақтылықты қамтамасыз ететін және баршаға әділ жағдай жасайтын жүйелі өзгерістер қажет екенін түсінеміз. Біз…
