Конституцияның жаңа жобасындағы отбасы және неке нормалары талқыланды
*Конституцияның жаңа жобасындағы отбасы және неке нормалары талқыланды* Бүгін, 6 ақпан күні, Астана қаласында «SARAP» эксперттік клубының «Өзгерістер кезеңіндегі отбасы: әлеуметтік трансформацияға Конституция тұрғысынан жауап» атты отырысы өтті. Іс-шараны Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Қазақстандық қоғамдық даму институты ұйымдастырды. Талқыға ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссияның мүшелері, академиялық қауымдастық өкілдері мен сарапшылар, сондай-ақ үкіметтік емес ұйымдар мен Астана қаласындағы Отбасын қолдау орталығының өкілдері қатысты. Жиын қатысушылары жаңа Конституция жобасына, оның ішінде неке, отбасы, ана, әке және бала мәселелерін реттейтін 30-бапқа қатысты ойын ортаға салды. Сарапшылар тақырыпты Қазақстан қоғамындағы әлеуметтік өзгерістер мен отбасы және туыстық қатынастардың…
