Халықтық штаб өкілдері ассамблея мүшелерімен атом энергертикасының тиімділігі турасында пікір алмасты
Кездесуде жергілікті қауымдастық өкілдері атом станциялары өндіретін электрдің тарифтері мен құрылыс барысы, онда қамтылатын жұмыскерлер саны жайында ақпарат алып, пікірін ортаға салды. Халықтық штаб мүшелері «Достық үйінде» жергілікті этнос өкілдерімен кездесіп, Мемлекет басшысының жолдауынан туындаған маңызды мақсат-міндеттерді баяндады. Сыр елі өзінің қазақы ортасы мен ұлттық салт-дәстүрлерді ұстанған аймақ ретінде көпшіліктің таңдайын қақтырған. Өңірімізде тұратын түрлі этнос өкілдерінің айрандай ұйыған татулығы баршаға үлгі. Алдымызда тұрған үлкен саяси науқан – жалпыхалықтық референдумда да жұдырықша жұмылып, Мемлекет басшысының маңызды бастамасын қолдайтынын жеткізген ассамблея мүшелері атом энергертикасының тиімділігі турасында өздерінің пікірін білдіріп жатыр. "Сыр елі қашан да қазақы қаймағы бұзылмаған, өзінің азаматтық ұстанымы бар…