АЭС салудағы ең маңызды мәселе – еліміздің энергетикалық әлеуетін қамтамасыз ету
Штаб мүшесі Қыдырбек Майланов электр энергиясына деген қажеттілік жылдан-жылға өспесе, кемімейтінін айтты. Аудандық штаб өкілдері АЭС салудың өзектілігін және де бұл мәселеде әрбір азаматтың пікірінің маңызын түсіндіру мақсатында «Бейнеу көпбейінді орталық ауруханасы» ШЖҚ МҚК-ның қызметкерлерімен кездесті. Бұл туралы Қоғамдық коммуникация орталығы хабарлады. Басқосуда штаб төрағасы Назарбек Қадір 2 қыркүйек күні Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіріп, АЭС салудағы ең маңызды мәселе – еліміздің энергетикалық әлеуетін қамтамасыз ету екенін жеткізді. Өз кезегінде Ардақ Бораш мемлекетімізде электр қуатының тапшылығы бар екендігін тілге тиек етсе, Қыдырбек Майланов электр энергиясына деген қажеттілік жылдан-жылға өспесе, кемімейтінін айтты. Сондықтан Мемлекет басшысы осы мәселеде халықтың таңдауы мен…