Қазақстанда 2026 жылға жоспарланған 10 ЖЭК жобасының 7-еуі іске қосылды
Энергетика министрлігі жаңартылатын энергия көздерін дамыту бойынша жүйелі жұмысты жалғастыруда. Биыл елімізде жалпы қуаты 245 МВт болатын жаңартылатын энергия көздерінің 10 нысанын пайдалануға беру жоспарланған. Бүгінгі таңда 212 МВт болатын 7 нысан пайдалануға берілді. Пайдалануға берілген нысандардың қатарында: * Қостанай облысында қуаты 50 МВт «Aspan Energo» ЖШС жел электр станциясы; * Маңғыстау облысында қуаты 20 МВт «Stellar Energy» ЖШС күн электр станциясы; * Қостанай облысында қуаты 22,6 МВт «Altyn Solar Energy» ЖШС күн электр станциясы; * Жетісу облысында қуаты 20 МВт «Jetisu Terra Power» ЖШС күн электр станциясы; * Қарағанды облысында жалпы қуаты 100 МВт болатын «Гиперборея» ЖШС-нің үш жел…
