Атом электр стансасын салу – қазір күн тәртібінде тұрған мәселе
Әрине, оның салынатыны я салынбайтыны референдумнан соң белгілі болмақ. Бірақ АЭС-ке қатысты пікір білдіріп жүрген мамандардың осы кезде аузына жиі ілігетін бір атау бар. Ол – «МАГАТЭ». АЭС салуды жақтайтын тараптың қауіпсіздік жайлы сөз болса, айтатын басты аргументі – осы МАГАТЭ. Ал "МАГАТЭ қандай ұйым, ол қалай құрылды, оның негізгі міндеттері не?" деген сауалдарға аталмыш мақалада жауап іздейміз. МАГАТЭ-нің құрылуы МАГАТЭ (International Atomic Energy Agency) – 1957 жылдың 29 шілдесінде құрылған халықаралық ұйым. Оның бастамашысы болған – АҚШ-тың 34-президенті Дуайт Эйзенхауэр. Ол 1953 жылы БҰҰ-ның Бас Ассамблеясында сөйлеген «Атом бейбіт өмірге қажет!» деп аталатын («Atoms for Peace») сөзінде ядролық энергияны…