Қауіпсіздік жолында: Ақмола облысының полицейлері теміржол вокзалында адам саудасына қарсы акция өткізді
Дүниежүзілік адам саудасына қарсы күрес күні қарсаңында Ақмола облысы ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Көкшетау теміржол вокзалында профилактикалық акция өткізді. Өткізу орны кездейсоқ таңдалмаған. Вокзалдарда және жол бойында адамдар жиі жаңа таныстар жасайды, жұмыс немесе қоныс аудару туралы қызықты ұсыныстар алады, бұл кейін тұзаққа айналуы мүмкін. Азаматтардың сенімін пайдалана отырып, қаскөйлер оларды еңбекке немесе жыныстық қанауға байланысты жағдайларға тартады. Акция аясында полицейлер зорлық - зомбылық құрбаны болған әйелдер мен балаларға арналған "Шанс" дағдарыс орталығының өкілдерімен бірлесіп, жолаушыларға адам саудасының негізгі белгілерін түсіндіріп, сақтық шаралары туралы айтып, шұғыл қызметтердің телефондары бар ақпараттық жадынамалар табыс етті. Қауіпсіз жұмысқа орналасу…
