Қазақстан – ынтымақ пен татулық бесігі
Қазақстан – кең-байтақ жері мен дархан мінезді халқы бар, бейбітшілік пен достықты ту еткен ел. Бүгінде еліміз түрлі ұлт пен ұлысқа ортақ шаңырақ болып отыр. 130-дан астам ұлт пен ұлыстың өкілі бір үйдің баласындай тату-тәтті өмір сүруде. Бұл – Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев негізін қалаған және Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жалғастырып отырған татулық пен келісім саясатының жемісі. Қазақстан халқы Ассамблеясы – ынтымақ пен бірліктің нақты көрінісі. Бұл ұйым еліміздегі әрбір этностың тілі мен дәстүрін сақтап, оларды ортақ мақсатқа біріктіруге ықпал етуде. Еліміздің басты ұстанымы – «Бірлік бар жерде – тірлік бар». Бұл қағида біздің болашаққа нық қадам басуымызға негіз болады.…
