«Таза Қазақстан» — ел болашағы
Елімізде «Таза Қазақстан» акциясы аясында экологиялық бағыттағы түрлі жоба жүзеге асырылуда. Акцияның негізгі мақсаты тек көшелер мен табиғат аясын тазалықта ұстау ғана емес, келер ұрпақты ұқыптылық пен жауапкершілікке тәрбиелеу. Жастардың бойында экологиялық сана қалыптастырып, қоршаған ортаға деген қамқорлығын ояту. «Таза Қазақстан» акциясын қолдау мақсатында білім ошақтары да белсенді ат салысуда. №10-шы орта мектептің оқушылары «Көкшетау» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің өкілдерімен бірлесе құстарға ұя орнатты. №10 мектеп экологиялық бағыттағы білім ошағының бірі. Жыл сайын волонтерлік шараларға белсене қатысатын және қоршаған ортаға ерекше қайырымдылық танытып келеді. БИБІГҮЛ КӨПЖАСАРОВА, №10 ОРТА МЕКТЕБІ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ТӘРБИЕ ІСІ ЖӨНІНДЕГІ ОРЫНБАСАРЫ: Мектеп алаңында «Құстарға қамқорлық жасайық» атты…
