Жайқалып, бітік шыққан мол астық ысырапсыз жиналады
Ауыл шаруашылығы – ел экономикасының негізі. Мемлекет басшысы ауыл шаруашылығын басты назарда ұстауды міндеттеген болатын. Сондықтан да саланы өркендету үшін субсидиялау арқылы жаңарту жұмыстары аса қажет болып табылады. Бүгінгі күні аудан, ауыл адамдары ауыл шаруашылығы саласында тынбай еңбек етіп, күнкөріс қамына, одан кейін елімізде бәсекеге қабілетті экономиканы құру бағытында өсім көрсетіп келеді. Қазіргі таңда ауыл шаруашылығы саласымен көркейіп отырмыз десек те артық емес. Бүгінгі күні ауданымызда ауыл шаруашылық дақылдарын жинау жұмыстары жүріп жатыр. Күз мезгілі – шаруалардың күнделікті нанының қайнар көзі болып отырған қажырлы еңбегін есепке алатын уақыт. Қазіргі кезде егін шаруашылығымен айналысу оңай болмағанымен, егін егіп, одан өнім жинауды…
