Командалық теледебат: партиялардың сөз сөйлеу реті анықталды
Jibek Joly телеарнасының тікелей эфирінде Қазақстандағы алғашқы командалық теледебатқа қатысатын партиялардың сөз сөйлеу ретін анықтау мақсатында ашық жеребе тарту рәсімі өтті. Жеребе қорытындысы бойынша Құрылтай сайлауына қатысатын жеті саяси партия өкілдерінің сөз сөйлеу кезегі төмендегідей болды: 1. «Ақ жол» партиясы 2. Жалпыұлттық социал-демократиялық партия 3. «Әділет» партиясы 4. Қазақстан Халық партиясы 5. «Ауыл» партиясы 6. «Байтақ» жасылдар партиясы 7. Respublica партиясы Теледебат 12 тамыз күні сағат 20:00-де Jibek Joly телеарнасының тікелей эфирінде өтеді. Тақырыбы – Заң мен тәртіп – әділетті Қазақстанның негізі. Командалық теледебаттың басты ерекшелігі – Құрылтай сайлауына қатысатын әр саяси партиядан екі өкіл сөз сөйлейді. Көрермендер партиялардың сайлауалды…
