Активті мәжбүрлеп қайтару мен келісім арқылы қайтарудың айырмашылығы неде
Бас прокуратура жанындағы Активтерді қайтарукомитетінің төрағасы Нұрдәулет Сүйіндіков заңсызиемделген активтерді өз еркімен қайтару иесіне қандайартықшылық беретінін еске салды. Оның сөзінше бүгінге дейін қайтарылған активтің басымбөлігі ерікті түрде, екіжақты келісім негізінде мемлекетменшігіне өткен. — Ерікті қайтарудың артықшылығы теңқұқылы келісімпроцедуралар қолданылатынында. Яғни, екі тараптыңәріптестігі нақты шарттармен белгіленеді. Мысалы, мәжбүрлеп қайтару тәсілінде заңсыз иемделді депесептелген мүліктің бәрі түгел мемлекетке өтуі керек. Ал ерікті түрде қайтарған кезде мүліктің бір бөлігі иесіндеқалуы мүмкін. Ондай шешімді комиссия қабылдайды, — деді ол Kazinform агенттігіне берген эксклюзив сұхбатында. Комитет басшысы мүлікті ерікті қайтарудың тағы бір жолы бар екенін айтады. Ол жолды таңдағандар мемлекеттіңұсынысын немесе талабын күтпей-ақ, өз еркімен әлеуметтікмаңызы бар жобаларды өз қалтасынан…
