Бaлa – біздің болaшaғымыз. Олaй болсa, мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту бaлaның ғaнa емес, еліміздің де жaрқын болaшaғының кепілі. Ол – үздіксіз білім берудің aлғaшқы деңгейі. Өйткені жaңa зaмaн бaлaсы – бүгінгі қaзaқ қоғaмының ұлттық қaзынaсы. Жaңa кезеңдегі білім берудің өзекті мәселесі жaс ұрпaққa-aдaмгершілік-рухaни тәрбие беру. Құнды қaсиеттерге ие болу, рухaни бaй aдaмды қaлыптaстыру оның туғaн кезінен бaстaлуы керек.
Елбасының балабақша жайында тілге тиек етуі, мектепке дейінгі тәрбие саласындағы күні бүгінге дейін өзекті мәселенің оң шешімін табуға жол ашты. Балабақша саны күн санап арта түсуде. «Ел боламын десең, бесігіңді түзе», — деп ұлы жазушы Мұхтар Әуезов айтқандай тәрбие тал бесіктен басталуы тиіс тек отбасында ғана емес, балабақшада тіл үйреніп, халқымыздың салт-дәстүрін бойына сіңіріп, құнарлы бай әдебиетімізден нәр алып өскен баланың болашағы қашанда жарқын болары сөзсіз. Жас ұрпақтың негізі бұрын мектепте қаланады десек, енді оның балабақша қабырғасында қаланатынына көзіміз әлдеқашан жетті.
Республика күні қарсаңында еліміздің түкпір түкпірінде әлеуметтік нысандар ашылып, түрлі игі шаралар атқарылып жатыр.
Сондай қуаныштардың бірі — ауданымызға қарасты Андықожа батыр ауылында өскелең ұрпақты мектепге дейінгі біліммен қамтамасыз ету мақсатында мектеп жанынан «Балдәурен» шағын орталығы пайдалануға беріліп, бүлдіршіндерге есігін айқара ашты. Бұл маңызды оқиға мемлекеттің отбасы институтын нығайтуға және халықтың өмір сүру сапасын арттыруға деген ұмтылысының жарқын дәлелі болды.
Аталмыш балабақшаның ашылу салтанатына аудан әкімі Достанбек Есжанов қатысып, ауыл тұрғындарын ҚР Республикасы мерекесімен құттықтап және кішкентай бөбектерді айтулы қуаныштарымен құттықтады.
Өз сөзінде Достанбек Берікұлы жыл сайынғы есептік кездесуде ауыл тұрғындарының көтерген мәселелерінің бірі бүгінде өз шешімін тапқанын жеткізді. Ыңғайластырылған ғимаратта орналасқан орталық ашылып, қуаныштан жүздері жарқыраған ата-аналар тілегі орындалды. Көпшілік атынан ауыл ақсақалы Закенаев Жанай Неғметжанұлы сөз алып, бүлдіршіндерге осындай заман талабына сай жағдай жасаған қамқорлығы үшін Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың атына шексіз алғыс сезімін білдірді. Сонымен қатар, мерекелік концерт ұйымдастырылып, жиналған көпшілік балалардың өнерін тамашалады.
25 орынға арналған заманауи балабақшада балалардың үйлесімді дамуы үшін барлық жағдайлар жасалған: кең ойын және жатын бөлмелері, музыка және спорт залдары. Жаңа үлгідегі жиһазбен жабдықталған кең де жарық бөлмелер жарқырап тұр. Ендігі уақытта шағын орталыққа келетін 25 бүлдіршінді 1 меңгеруші, 1 әдіскер, 2 тәрбиелеушілер тәрбиелейтін болады.
Келешекте дәл осы шағын орталық тәрбиеленушілері еліміздің патриоты болатынына сенімдіміз. Өйткені, ауылдағы шағын орталықтың ашылуы ата-аналар мен бүлдіршіндердің көптен күткен қуанышы еді.
Хaлықтa «Aғaш түзу өсу үшін оғaн көшет кезінде көмектесуге болaды, aл үлкен aғaш болғaндa оны түзете aлмaйсың», — деп бекер aйтылмaғaн. Балабақша бақыттың ең бірінші баспалдағы, баланың болашағы. Сондықтaн тәрбиенің алтын бесігі саналатын балабақшаның маңызы зор.
Қуаныш НУРКУШЕВА.