UKIMET: Энергетика министрлігі жылыту маусымына дайындық туралы: Барлық жөндеу жұмыстары уақытында аяқталады
UKIMET: Энергетика министрлігі жылыту маусымына дайындық туралы: Барлық жөндеу жұмыстары уақытында аяқталады ҚР энергетика министрі Ерлан Ақкенженов Үкімет отырысында алдағы жылыту маусымына дайындық барысы туралы баяндады. Ол жүйелік оператор бекіткен кестеге сәйкес биыл электр стансаларында 10 энергия блогын, 63 қазандықты және 39 турбинаны жөндеу жоспарланғанын хабарлады. 4 энергоблокта, 31 қазандықта және 20 турбинада жөндеу жұмыстары әр түрлі кезеңдерде жүргізілуде. Жөндеу жұмыстары 5 энергия блогында, 22 қазандықта және 12 турбинада аяқталды. Энергетикалық көздер бойынша жөндеу жұмыстарына 376,7 млрд теңге жоспарланған, бұл өткен жылғы деңгейден 13%-ға жоғары. АЭК электр желілерінде жалпы ұзындығы 17 мың шақырым электр беру желілерін, 420 қосалқы стансаларды, 3,5…
