Астанада «Әділет» партиясының кезектен тыс III Съезі өз жұмысын бастады
Астанадағы Тәуелсіздік Сарайында «Әділет» партиясының кезектен тыс III Съезі өз жұмысын бастады. Оған еліміздің барлық өңірінен келген 1000-нан астам делегат, облыстық филиалдардың, қоғамдық бірлестіктердің, сарапшылар қоғамдастығының өкілдері және шақырылған қонақтар қатысуда. Съездің пленарлық отырысы басталар алдында партия Саяси кеңесінің отырысы өтіп, оның алаңында күн тәртібіндегі мәселелер мен партия қызметінің негізгі бағыт-бағдары талқыланды. III Съезд делегаттары Сайлауалды бағдарламаны, кандидаттардың партиялық тізімін бекітіп, партия Жарғысына өзгерістер мен толықтырулар енгізеді, мүшелік жарналардың мөлшерін айқындайды, сондай-ақ қорытынды Қаулы қабылдайды. 10 шілдеге дейін партия ұйымдық құрылымын толық қалыптастырып, өңірлік желісін құрды және басшылық органдарын жасақтады. Өңірлік Саяси кеңестердің құрамына 808 адам, Бақылау-тексеру комиссияларының құрамына 100…
