«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Егіндікөлде заманауи жағалауды абаттандыру жөніндегі ауқымды жоба жүзеге асырылуда.
Құрылыс жұмыстарының барысын аудандық мәслихат депутаттары мен аудандық Қоғамдық кеңестің өкілдері құрылыс алаңына барып, бағалады.
Қазіргі уақытта мердігер ұйым жер қазу жұмыстарын жүргізуде. Жоба екі жылға жоспарланған. Келесі жылдың өзінде тұрғындар жаңа абаттандырылған қоғамдық кеңістікте бос уақыттарын өткізе алады.
Жоба аясында бұрынғы ауыз су қазындысының аумағы абаттандырылады. Мұнда жасанды көл, серуендеуге арналған аймақтар, заманауи шағын сәулет нысандары және жайлы демалыс орындары салынады.
Заманауи жағалау Егіндікөлдің жаңа көркіне айналып, аудан тұрғындарының отбасылық демалысына, серуендеуіне және бос уақытын тиімді өткізуіне арналған сүйікті орын болмақ.
#ТазаҚазақстан #ЧистыйКазахстан #TazaQazaqstan #TazaChallenge
