«Заң және тәртіп» қағидатын іске асыру аясында Ақмола облысы Полиция департаментінің «Cyberpol» қызметкерлері Щучинск қаласының тұрғындарына интернет-алаяқтықтың алдын алу бойынша профилактикалық іс-шара өткізді
Бүгін тәртіп сақшылары «Бурабай Арена» кешеніне барып, интернет-алаяқтардың үнемі жаңа алдау тәсілдерін ойлап тауып, өз әрекеттерін тоқтатпайтынын тұрғындардың назарына салды. ✅ Ешкімге SMS арқылы келген растау кодтарын, банк картасының деректерін, CVV-кодын және құпиясөздерді хабарламаңыз. ✅ Банктердің, полицияның және мемлекеттік органдардың қызметкерлері ешқашан телефон арқылы немесе мессенджерлерде мұндай ақпаратты сұрамайды. ✅ Күмәнді сілтемелерге өтпеңіз, бейтаныс адамдарға ақша аудармаңыз және тез әрі оңай табыс табу немесе аса тиімді инвестициялар туралы уәделерге сенбеңіз. ✅ Қандай да бір қаржылық шешім қабылдамас бұрын, асықпай ақпараттың дұрыстығын тексеріңіз. Банкке немесе жақындарыңызға жасалған бір ғана телефон қоңырауы сізді үлкен қаржылық шығыннан сақтап қалуы мүмкін. ☎️ Егер интернет-алаяқтық…
