Облыста көкжөтелмен сырқаттану 4 есе азайды
Ақмола облысында санитариялық-эпидемиологиялық жағдай тұрақты деңгейде сақталуда. Өңірде қызылша мен көкжөтел сияқты бірқатар инфекциялық аурулар бойынша сырқаттану деңгейі төмендеген. Мұндай оң нәтижеге кешенді алдын алу шаралары мен халықты белсенді вакцинациялау арқасында қол жеткізілді. Бұл туралы брифинг барысында Ақмола облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Серік Омарханов мәлімдеді, деп хабарлайды Өңірлік Коммуникациялар қызметінен. Биылғы он айдың қорытындысы бойынша қызылша жағдайларының саны едәуір азайған. Шілде айынан бері жаңа жағдайлар тіркелмеген. «Бұрынғы өршу себептерінің бірі — ата-аналардың вакцинадан бас тартуы және екпенің уақытында жасалмауы еді. Балалар мен байланыста болған адамдар арасында жүргізілген вакцинацияның арқасында жағдайды тұрақтандыруға мүмкіндік туды», — деді Серік Омарханов. Көкжөтел бойынша…
