Газет

Мемлекет басшысы Габалада өткен басқосуда цифрлық даму және киберқауіпсіздікке қатысты бірқатар бастама көтергенін еске салды

Мемлекет басшысы Габалада өткен басқосуда цифрлық даму және киберқауіпсіздікке қатысты бірқатар бастама көтергенін еске салды

«Атап айтқанда, Түркі мемлекеттері ұйымының Цифрлық мониторинг және Цифрлық инновациялар орталықтарын құруды ұсындым. Бұл орталықтар Ұйымға мүше мемлекеттердің өсіп-өркендеуіне цифрлық тұрғыдан тың мүмкіндіктер береді. Бұдан бөлек, сол алқалы жиында Киберқауіпсіздік жөніндегі кеңес құру қажет екенін айттым. Мұндай Кеңес елдеріміздің цифрлық әлеміндегі осал тұстарды анықтап, инфрақұрылымға төнетін қауіптің алдын алуға ықпал етеді. Осы құрылым арқылы Ұйымға мүше елдердің тиісті органдары жедел ақпарат алмаса отырып, жұмыс істей алады. Қазақстан бұл бастамалар бойынша тиісті тұжырымдамаларды әзірлеп, Ұйымға мүше мемлекеттерге келісу үшін жолдады. Аталған нақты шаралардың бәрі де елдеріміздің ортақ мүддесіне сай келеді. Сондықтан осы бағытта тиімді және белсенді әрекет етеміз деп ойлаймын».
Подробнее
Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің цифрландыру және ЖИ саласындағы стратегиялық бағдарын баяндады

Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің цифрландыру және ЖИ саласындағы стратегиялық бағдарын баяндады

«Қазақстан цифрлық ел болуды көздеп отыр. Бұл – еліміздің алдында тұрған стратегиялық мақсат. Осы жыл Қазақстанда «Цифрландыру және жасанды интеллект жылы» деп жарияланды. Астанада Alem.ai жасанды интеллект орталығы ашылды. Сондай-ақ біз екі суперкомпьютерді іске қостық. Келесі қадам – «Деректерді өңдеу орталықтарының алқабын» құру. Бұл жоба аймақ елдеріне жетекші технологиялық компаниялар мен жаһандық цифрлық капиталды тартуға зор мүмкіндік бермек. Біз Қазақстанды аймақтық хаб ретінде дамыту үшін көші-қон үдерісін оңтайландыра бастадық. Шетелден келген кәсіпкерлерге, инвесторларға, білікті мамандарға арналған «Алтын визаны» енгіздік. Мұндай виза алған адамдар мемлекеттік және қаржылық қызметтерге Қазақстан азаматтарымен тең дәрежеде қол жеткізе алады. Сонымен қатар елімізде Цифрлық кодекс қабылданды,…
Подробнее
Қасым-Жомарт Тоқаев: «Алмағайып кезеңде түркі мемлекеттерінің ауызбіршілікте болуы – өте маңызды»

Қасым-Жомарт Тоқаев: «Алмағайып кезеңде түркі мемлекеттерінің ауызбіршілікте болуы – өте маңызды»

«Біз халықаралық геосаяси ахуал аса күрделі және құбылмалы дәуірді бастан өткерудеміз. Әлемдік және аймақтық деңгейдегі бәсеке күшейіп барады. Қарулы қақтығыстар, соғыстар толастар емес. Мұның бәрі әлем экономикасына кері әсер етіп жатқанын бәріміз көріп отырмыз. Таяу Шығыстағы жағдайдың салдарын көршілес аймақ елдері де сезіне бастады. Осындай алмағайып кезеңде түркі мемлекеттерінің ауызбіршілікте болуы – өте маңызды. Себебі халықтарымызға ортақ сан ғасырлық шежіреміз бар. Қазіргі таңда түркі елдері заман талабын ескеріп, экономика және инвестиция саласындағы ықпалдастықты нығайтуы керек, ортақ мүдде жолында күш жұмылдыруға тиіс деп санаймын».
Подробнее
Мемлекет басшысы: «Бүгінде Түркістан – көне мен келешекті тоғыстырған шырайлы шаһар»

Мемлекет басшысы: «Бүгінде Түркістан – көне мен келешекті тоғыстырған шырайлы шаһар»

«Аймақтың экономикалық әлеуеті жыл өткен сайын артып келеді. Былтыр облыстың экономикасы 9,3 пайызға өсті, оның көлемі 10 миллиард доллардан асты. Аймаққа 3,5 миллиард доллар инвестиция тартылды. Алқалы жиынды осында өткізудің мақсаты – атажұртта бауырлас елдердің көшбасшыларымен жүздесу, қайта түлеген Түркістанды төрткүл дүниеге таныту. Біз киелі орданың тарихы қандай терең болса, болашағы да сондай жарқын боларына нық сеніммен қараймыз. Осы мүмкіндікті пайдаланып, бүгін Түркістанда Өзбекстанның қолдауымен жаңа зәулім мешіт ашылғанын үлкен ризашылықпен атап өткім келеді. Ерекше тарту жасағаны үшін Өзбекстан Президенті, аса қадірлі Шавкат Миромонұлы Мирзиёевке және өзбек халқына алғысымды білдіремін. Елдеріміздің руханиятындағы осы мешіттің орны ерекше болмақ. Бұл – қазақ-өзбек…
Подробнее
⚡️Президент:

⚡️Президент:

«Бүгінгі жиында өздеріңізге тағы да атап өткім келеді: мен биыл Ұлыстың ұлы күнінде осы киелі Түркістан жерінде «Qoja Ahmet Yasaui» орденін тағайындау туралы шешім қабылдадым. Осыған орай тиісті Заң қабылданды, арнайы Жарлыққа қол қойдым. Бұл күллі түркі дүниесі үшін мән-мағынасы айрықша марапат деп айтуға болады. Сол себепті кеше алғашқы мәртебелі награданы аса құрметті Президент Режеп Тайип Ердоғанға салтанатты түрде табыстадым. Осылайша, біз түркі руханиятының темірқазығы – Ясауи тұлғасын дәріптей отырып, халықтарымыздың арасындағы мызғымас бауырластық тамырын нығайта береміз деп сенемін».
Подробнее
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммитінде сөз сөйледі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммитінде сөз сөйледі

Президент Түркістандағы алқалы жиынға қатысуға келген Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің басшыларына ризашылығын білдірді «Түркістан – атажұртымыздың мызғымас темірқазығы. Екі дүние есігі, ер түріктің бесігі атанған шежірелі шаһар. Көне қала қашанда түбі бір түркі жұртының қасиетті қара шаңырағы саналған. Түркістан төріндегі Әзірет Сұлтан кесенесі – рухани тұтастық пен тарихи сабақтастық символы. Қожа Ахмет Ясауи бауырлас елдердің дүниетанымын кеңейтуге зор үлес қосты. Адамзатқа ортақ құндылықтарды барынша дәріптеді. Халықты жақсылыққа, жасампаздыққа, адалдыққа шақырды. Ғұлама ойшыл ислам дінін түркі жұртының таным-түсінігімен ұштастыра білді. Аса құнды еңбектер жазып, мол мұра қалдырды. Ясауидің тағылымды ойлары мен хикметтері – түркі халықтарының баға жетпес байлығы. Ұлы бабамыз…
Подробнее
«Жас Ұрпақ» — проект, объединяющий активную и целеустремленную молодежь

«Жас Ұрпақ» — проект, объединяющий активную и целеустремленную молодежь

  В детском лагере «Sunqar» Зерендинского района прошел второй областной слет молодежного объединения «Жас Ұрпақ», организованный по инициативе прокуратуры Акмолинской области совместно с управлением образования. Участниками масштабного мероприятия стали более 100 школьников из 20 регионов области. В рамках слета для ребят были организованы интеллектуальные конкурсы, образовательные тренинги и командные игры, направленные на развитие лидерских качеств, ответственности и навыков командной работы. Проект «Жас Ұрпақ» реализуется с целью воспитания подрастающего поколения, профилактики правонарушений, укрепления принципов законности и порядка, а также поддержки талантливой молодежи. Одним из значимых моментов мероприятия стала церемония принятия новых участников в ряды объединения. Школьники произнесли клятву и официально стали…
Подробнее
«Жас Ұрпақ» — жастарды бірлік пен жауапкершілікке бастайтын жоба

«Жас Ұрпақ» — жастарды бірлік пен жауапкершілікке бастайтын жоба

  Зеренді ауданындағы «Sunqar» балалар лагерінде «Жас Ұрпақ» жастар бірлестігінің екінші облыстық слеті өтті. Ауқымды іс-шара Ақмола облысы прокуратурасының бастамасымен және облыстық білім басқармасының қолдауымен ұйымдастырылды. Слетке облыстың 20 өңірінен келген 100-ден астам оқушы қатысты. Іс-шара барысында жасөспірімдер интеллектуалдық байқауларға, білім беру тренингтеріне және командалық ойындарға қатысып, өзара тәжірибе алмасты. Жоба өскелең ұрпақты тәрбиелеуге, құқықбұзушылықтың алдын алуға, заң мен тәртіп қағидаттарын нығайтуға, жастардың көшбасшылық қабілеттерін дамытуға бағытталған. Слеттің маңызды бөлігінің бірі — жаңа қатысушыларды «Жас Ұрпақ» қатарына қабылдау рәсімі болды. Оқушылар салтанатты түрде ант қабылдап, бірлестік мүшесі атанды. Іс-шара барысында облыс прокурорының орынбасары Марат Бақтыбекұлы сөз сөйлеп, жобаның маңыздылығына тоқталды.…
Подробнее
Акмолинская область объединила госаудиторов трех регионов на масштабной спартакиаде

Акмолинская область объединила госаудиторов трех регионов на масштабной спартакиаде

В Кокшетау на базе «Кокше-Арена» стартовал северный зональный этап республиканской спартакиады среди госаудиторов. Спортивные площадки города объединили сборные команды Акмолинской, Костанайской и Северо-Казахстанской областей. Масштабный турнир приурочен к двойному юбилею: 30-летию органов государственного финансового контроля и 15-летию создания ревизионных комиссий. Торжественное открытие мероприятия посетил первый заместитель акима Акмолинской области Ельдос Рамазанов. Он поздравил специалистов и поблагодарил их за вклад в развитие профессии. «За три десятилетия институт государственного аудита стал надежным гарантом эффективности использования бюджетных средств. Отрадно, что при всей ответственности вашей работы вы находите время для спорта. Это лучший способ укрепить командный дух», - подчеркнул Ельдос Рамазанов. Праздничную атмосферу в…
Подробнее
Ақмола облысы үш өңірдің мемлекеттік аудиторларын ауқымды спартакиадада біріктірді

Ақмола облысы үш өңірдің мемлекеттік аудиторларын ауқымды спартакиадада біріктірді

Көкшетаудағы «Көкше-Арена» базасында мемлекеттік аудиторлар арасындағы республикалық спартакиаданың солтүстік аймақтық кезеңі басталды. Қаланың спорт алаңдары Ақмола, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарының құрама командаларын біріктірді. Ауқымды турнир екі мерейтойға – мемлекеттік қаржылық бақылау органдарының 30 жылдығына және тексеру комиссияларының құрылғанына 15 жыл толуына орай ұйымдастырылды.  Іс-шараның салтанатты ашылуына Ақмола облысы әкімінің бірінші орынбасары Елдос Рамазанов қатысты. Ол мамандарды құттықтап, мамандықтың дамуына қосқан үлестері үшін алғыс білдірді. «Көкше-Аренадағы» мерекелік атмосфераны концерттік бағдарлама толықтырды. Одан кейін командалар бірден жарыстарға кірісті. Қатысушылар үшін бұл турнир тек спорттық сайыс қана емес, тәжірибе алмасуға арналған маңызды алаңға да айналды. – Бұл мүмкіндік бізге көршілес өңірлердегі әріптестермен…
Подробнее