БҚО-да «Жер Ырысы-2026» агрофестивалі өтуде
Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданына қарасты Сұлукөл ауылында «Жер ырысы - 2026» агрофестивалі басталды. Екі күнге жоспарланған шара барысында өңір шаруалары заманауи технологиялармен танысып, білікті мамандардан, сарапшылардан кеңес алмақ. Фестивальға елімізден және алыс-жақын шетелден 40-тан астам компания қатысуда. Дәстүрлі шара биыл 5-ші рет өтіп отыр. Бұл күні өңір шаруалары ғылым мен техниканың соңғы жаңалықтарынан хабардар болады, ветеринария мен өсімдік қорғаудағы соны тәсілдер туралы тісқаққан сарапшылардан сұрап біледі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тікелей тапсырмасы мен қолдауының арқасында бүгінде аграрлық салаға бұрын-соңды болмаған көлемде қаржы бөлініп, мемлекеттік қолдау тетіктері айтарлықтай кеңейтілді. Кейінгі 3 жылда аймақтың агроөнеркәсіп кешенін қолдауға 190 млрд…
