Достық пен келісім – еліміздің іргесін бекітіп, дамуына бағыт беретін негізгі қағидаттар
Достық пен келісім – бұл жай ғана құндылықтар емес, еліміздің іргесін бекітіп, дамуына бағыт беретін негізгі қағидаттар. Олар саяси тұрақтылықтың, әлеуметтік-экономикалық өсудің және қоғам бірлігінің басты кепілі болып табылады. Осы ұстанымдардың арқасында Қазақстанда көптеген жылдар бойы түрлі этностар мен мәдениеттер өкілдері арасында сенім, өзара құрмет және жасампаз ынтымақтастық ахуалы қалыптасып келеді. Бұл берік негіздер мемлекетіміздің этносаралық және конфессияаралық келісім саясатының өзегіне айналған. Қазақстан ұлтына, дініне немесе мәдени ерекшеліктеріне қарамастан, барша азамат үшін тең мүмкіндіктерді қамтамасыз ету жолында жүйелі жұмыс жүргізіп келеді. Ел ішінде тілдер мен дәстүрлердің еркін дамуы үшін жан-жақты жағдай жасалып, мәдени орталықтар мен қоғамдық бірлестіктерді, шығармашылық бастамаларды қолдау…
