Ақмола облысында оқу жылы аяқталды: 6 мыңнан астам түлек мектеппен қоштасты
Ақмола облысында биылғы оқу жылы аяқталып, 140 мыңнан астам оқушы жазғы демалысқа шыққалы отыр. Өңірдегі 523 мектепте соңғы қоңырау соғылып, 6 мыңнан астам түлек мектеппен қоштасады. Ал мыңдаған оқушы оқу жылын үздік нәтижемен аяқтап, түрлі олимпиада мен байқауларда облыс намысын қорғады. Бұл туралы Ақмола облысы білім басқармасының басшысы Айнагүл Балташева өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты. Биыл облыста 441 оқушы «Алтын белгіге» үміткер атанса, 495 түлек үздік аттестат алуға ниетті. Сонымен қатар, 9-сынып оқушыларының арасында 1052 оқушы үздік аттестатқа үміткер болып отыр. «Біздің басты мақсатымыз – балаларға сапалы білім беріп қана қоймай, оларды елжанды, білімді әрі жауапкершілігі жоғары азамат ретінде…
