Қазақстанда алкогольсіз сусындар өндірісі 17% өсті
2026 жылғы қаңтар-мамыр айларының қорытындысы бойынша Қазақстанда 1,6 млрд литр минералды су мен алкогольсіз сусын өндірілді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 17%-ға көп. Ішкі нарықтағы өткізу көлемі 1,7 млрд литрге жетіп, 21% артты. Сонымен қатар алкогольсіз сусындар импорты 29,6% өсіп, 217,1 млн литрді құрады. Ішкі нарықтағы импорттық өнімнің үлесі 11,4% болды. Экспорттың негізгі бөлігін дәстүрлі түрде қант немесе өзге де тәттілендіргіштер, сондай-ақ хош иістендіргіш және дәмдік қоспалар қосылған сулар мен басқа да алкогольсіз сусындар құрады. Есепті кезеңде осы өнім түрінің экспорты 172,8 млн литрге жетіп, ақшалай көлемі 75,5 млн АҚШ долларын құрады. Экспорттың ең ірі нарығы бұрынғысынша Қырғызстан болып…
