Ақмола облысында жылу жеткіліксіз берілгені үшін тұтынушыларға жылу ақысы қайта есептеледі
Өңірде 2025–2026 жылдардағы жылыту маусымының қорытындысы бойынша жылу жеткіліксіз берілгеніне байланысты тұтынушылардың жылумен жабдықтау қызметіне төлемі қайта есептеледі. Есептеу жылу энергиясын есепке алу құралдары жоқ тұрмыстық тұтынушылар үшін сыртқы ауаның нақты температурасы ескеріліп жүргізілді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Ақмола облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Андрей Шевченко мәлімдеді. Биыл қайта есептелетін сома өткен жылмен салыстырғанда шамамен 70%-ға төмен болды. Сонымен қатар департамент реттелетін 150 қызметті көрсететін 69 табиғи монополия субъектісінің жұмысын бақылауды жалғастыруда. Олардың қатарында жылумен жабдықтау, сумен жабдықтау және су бұру, сондай-ақ электр энергиясын беру қызметтері бар. «Біз көрсетілген қызметтердің…
