ҚАЗАҚСТАНДА МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕККЕ АҚЫ ТӨЛЕУДІҢ БІРЫҢҒАЙ ЖҮЙЕСІН (МКАБЖ) ЕНГІЗУ БАСТАЛДЫ
Мемлекет басшысының денсаулық сақтау саласындағы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің тиімділігін арттыру туралы тапсырмасы шеңберінде Медициналық көмекке ақы төлеудің бірыңғай жүйесін (МКАБЖ) енгізу басталды. Мемлекет басшысының көмекшісі Тамара Дүйсенованың төрағалығымен өткен кеңесте осы тапсырманы орындау мәселелері қаралды. Saqtandyrý ақпараттық жүйесіне интеграцияланған жаңа цифрлық құрал ТМККК және МӘМС шеңберінде медициналық қызметтерді қаржыландырудың ашықтығын, сапасын бақылауды және автоматтандыруды қамтамасыз етеді. Ағымдағы жылдың наурыз айында Бірыңғай төлем жүйесін пилоттық іске асыру Ақмола облысының медициналық ұйымдарында басталды. 1 шілдеден бастап жаңа жүйе еліміздің барлық медициналық ұйымдарында енгізілетін болады. Жаңа цифрлық жүйе мыналарды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді: ▪ көрсетілген медициналық көмектің дұрыстығын дербестендірілген есепке…
