ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ: САРАПШЫЛАР ҚОҒАМДЫҚ ТҰРАҚТЫЛЫҚ ПЕН ДАМУҒА ҚОЛДАУ БІЛДІРДІ
2026 жылғы 9 ақпан. Бүгін Павлодар қаласында «Жаңартылған Конституция – тұрақты дамудың негізі» тақырыбында сарапшылар форумы өтті. Іс-шараның мақсаты – жаңартылған Конституция ережелерін жан-жақты сараптамалық талқылау, оны практикалық тұрғыда іске асыру бойынша кәсіби ұсыныстар әзірлеу және конституциялық реформаларды қолдауға бағытталған сарапшылар қауымдастығының ортақ ұстанымын қалыптастыру. Форум аясында саясат, мемлекеттік басқару және білім беру салаларының мамандары, партия өкілдері мен ғылыми қауымдастық өкілдері сөз сөйледі. Қатысушылар конституциялық реформалардың елдің ұзақ мерзімді дамуына ықпалы, қоғамдық-саяси үдерістердегі рөлі және конституциялық нормаларды тиімді қолдану тетіктерін талқылады. «Ауыл» партиясы Орталық аппараты басшысының орынбасары Нұрхат Ораш өз сөзінде жаңа Конституция жобасы елдің ұзақ мерзімді даму бағдарларын айқындайтын…
