Дәрігер тапшылығы шамамен төрттен біріне азайды
🏫 Басым бағыттардың бірі – медициналық кадр дайындау және қолдау. 2025 жылы еліміздегі медициналық жоғары оқу орындарын 10,5 мың маман тәмамдады, олардың 34%-ы ауылдардағы медициналық ұйымдарға бөлінді. Бұл былтырғымен салыстырғанда шамамен екі есе жоғары. 📑 Өңірлердегі қажеттіліктерді ескере отырып, биыл 5 мыңнан астам білім гранты бөлінді. 2024 жылдың қазан айынан бері 16 тапшы мамандық бойынша ауылдарда жұмыс істеп жүрген 254 дәрігер 8,5 млн теңге көлемінде бір реттік төлем алды. 2025 жылы тағы 105 маманға осындай қолдау көрсетілді. 📉 Қабылданған шаралардың нәтижесінде еліміздегі дәрігер тапшылығы 19%-ға, орта санатты медицина қызметкерлері тапшылығы 13%-ға азайды. Ауылдық жерлердегі кадр тапшылығы 17%-ға төмендеді. 🧑🎓1 қыркүйектен…
