Александр Стуббтың елімізге ресми сапары аясында 15 құжатқа қол қойылды
Александр Стуббтың елімізге ресми сапары аясында 15 құжатқа қол қойылды. Олардың арасында: 1. Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігі мен Финляндия Республикасының Радиациялық және ядролық қауіпсіздік басқармасы (STUK) арасындағы ядролық энергияны бейбіт мақсаттарға пайдалану бағытындағы ынтымақтастық бойынша өзара түсіністік туралы меморандум; 2. Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация министрлігі мен Финляндия Республикасының Ауыл және орман шаруашылығы министрлігі арасындағы су ресурстарын басқару мәселелері бойынша өзара түсіністік туралы меморандум; 3. Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі, Фин су форумы (Finnish Water Forum) және Қазақ ұлттық су шаруашылығы және ирригация университеті арасындағы су ресурстарын цифрландыру және басқару бағытындағы зерттеушілік және білім беру…
