Газет

Как защититься от пищевых отравлений в преддверии праздников

О мерах профилактики пищевых отравлений в преддверии новогодних праздников на брифинге рассказала главный государственный санитарный врач Акмолинской области Айнагуль Мусина, передает Региональная служба коммуникаций. За текущий год в Акмолинской области было зарегистрировано три случая групповых пищевых отравлений. В результате этих инцидентов пострадали 34 человека, из которых 25 – дети. Первый случай произошел в мае, когда 12 человек, включая пятерых детей, заразились сальмонеллезом после употребления выпечки из кондитерского цеха города Косшы, не имевшего разрешительных документов. Второй инцидент был зафиксирован в июне на базе отдыха «Тумар» в поселке Санаторий Щучинский, где пищевой токсикоинфекцией заразились 17 детей. Третий случай произошел в июле в…
Подробнее

Жаңа жылдық мерекелер қарсаңында тамақтан уланудан қорғану шаралары

Мереке күндері тамақтан уланудың алдын алу шаралары жайлы Ақмола облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінін басшысы Айнагүл Мусина журналистермен өткен брифингте мәлімдеді, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметінен. Жыл басынан бері Ақмола облысында тамақтан уланудың үш жағдайы тіркелді. Одан 34 адам уланса, оның 25 бала. Алғашқы оқиға мамыр айында орын алған, Қосшы қаласындағы кондитерлік цехтың өнімдерін тұтынған 12 адам, оның ішінде 5 бала, сальмонеллез ауруына шалдықты. Екінші жағдай маусым айында «Тұмар» демалыс базасында болды. Щучинск қаласындағы демалыс орнында балалар арасында тағамдық токсикоинфекция тіркелді. Үшінші жағдай шілде айында Сарыбұлак ауылындағы шатырлы лагерьде болды, мұнда 5 спортшы уланды. «Әрбір тамақтан улану оқиғасы бойынша жоспардан тыс…
Подробнее

Итоги года: «Таза Қазақстан» объединила миллионы ради экологического будущего

Редакция сайта PrimeMinister.kz продолжает серию публикаций об итогах развития Казахстана в 2024 году. По инициативе Главы государства Касым-Жомарта Токаева с апреля текущего года стартовала республиканская экологическая акция «Таза Қазақстан». Мероприятие направлено на улучшение экологической ситуации в стране, повышение уровня экологической культуры населения и привлечение граждан к вопросам защиты окружающей среды. Акция охватила все регионы страны, заложив основу для устойчивого экологического будущего. С марта по ноябрь текущего года акция объединила более 5,83 миллиона человек, что составляет значительную часть населения страны. В рамках мероприятий проведены массовые субботники, в ходе которых собрано свыше 1,159 тысячи тонн мусора и высажено более 1,609 тысячи деревьев.…
Подробнее

Жыл қорытындысы: «Таза Қазақстан» экология болашағы үшін миллиондаған адамды біріктірді

Primeminister.kz сайтының редакциясы еліміздің 2024 жылғы даму қорытындылары туралы жарияланымдар сериясын жалғастырады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен биылғы сәуір айында республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы бастау алды. Іс-шара еліміздегі экологиялық ахуалды жақсартуға, халықтың экологиялық мәдениеті деңгейін арттыруға және азаматтарды қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне тартуға бағытталған. Акция еліміздің барлық өңірін қамтып, тұрақты экологиялық болашақ негізін қалады. Осы жылдың наурыз-қараша айлары аралығында ұйымдастырылған акция 5,83 млн-нан астам адамның басын біріктірді, бұл – ел халқының едәуір бөлігін құрайды. Іс-шаралар аясында жаппай сенбіліктер өткізілді, олардың барысында 1,1 млн тоннадан астам қоқыс жиналып, 1,6 млн-нан астам ағаш отырғызылды. Мемлекеттік құрылымдар деңгейінде де, еріктілер мен жеке…
Подробнее

Жыл қорытындысы: Еліміздің энергетика саласындағы басты жетістіктері мен болашақ даму бағыттары

  Еліміздің энергетикалық секторы экономиканың негізгі салаларының бірі саналады. Орнықты дамуға және жаһандық төмен көміртекті даму үлгісіне көшуге бет бұру жағдайында Қазақстан сенімді энергия көзімен жабдықтауды қамтамасыз етуге бағытталған бастамаларды белсенді түрде іске асыруда. Экономикалық белсенділіктің артуына байланысты электр энергиясын тұтыну өсуде, бұл өндіріс қуатын кеңейтуді қажет етеді. 2024 жылы Үкімет дәстүрлі және жаңартылатын энергия көздерін теңгерімді дамыту үшін маңызды қадамдар жасады. Еліміздің электр энергетикалық кәсіпорындары республиканың өнеркәсіп және коммуналдық-тұрмыстық секторының қажеттілігі үшін жылуды тұрақты жеткізуді қамтамасыз етеді. Саланы 2035 жылға дейін дамыту бойынша кем дегенде 26 ГВт жаңа қуаттарды енгізуді көздейтін жоспар бекітілді. Қазақстанның ұлттық электр желісін дамыту Бүгінгі…
Подробнее

Жыл қорытындысы: құқық бұзушылыққа қарсы күресті күшейту, әйелдер мен балалар құқығын қорғау, ТЖ алдын алу және жою бойынша кешенді шаралар қабылдау

Өткен жылы Қазақстанның ішкі істер органдары тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, әйелдер мен балаларды қорғау, жасөспірімдер арасындағы қылмыспен күрес және жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету сияқты бірқатар негізгі бағыт бойынша жұмысын едәуір күшейтті. ІІМ мен ТЖ жүйесін реформалау шеңберінде нормативтік құжаттарда және заңнамадағы өзгерістерде көрсетілген жұмыстың жаңа әдістері енгізілді. Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу Ішкі істер министрлігі жұмысының басты бағыттарының бірі – тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу. 2024 жылы полицияға тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы 100 мыңға жуық хабарлама келіп түскен. Бұған жауап ретінде шаралар: оның ішінде 72 мың қорғау нұсқамасы, сондай-ақ 16 мың жағдай бойынша сот шешімдері қабылданды. Сондай-ақ зорлық-зомбылық құрбандарына арналған дағдарыс орталықтарына…
Подробнее

Жыл қорытындысы: Ел экономикасының шикізаттық емес секторды дамыту, инвестиция тарту және бизнесті қолдау шараларын күшейту арқылы өсуі

  Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Үкімет мұнайдан тыс секторды дамытуға бағытталған экономиканы құрылымдық өзгерту бойынша бірқатар шара қабылдады. Отандық өндірушілерді қолдау құралдарын күшейту арқылы еліміздің инвестициялық тартымдылығын арттыру және іскерлік белсенділікті күшейту үшін қолайлы жағдай жасау бойынша ауқымды жұмыс жүргізілді. Негізгі экономикалық көрсеткіштердің өсу қарқыны Алдын ала бағалау бойынша осы жылдың 11 айының қорытындысы бойынша ЖІӨ өсімі 4,4%-ды құрады, ол негізінен мұнайдан тыс секторды дамытумен қамтамасыз етілген. Экономика өсімінің 70%-дан астамы өңдеу өнеркәсібі, сауда, ауыл шаруашылығы және құрылыс есебінен қалыптасты. Салалар бөлінісінде келесідей динамика байқалады: ауыл шаруашылығында жалпы өнім шығарудың 13,4%-ға өсуі байқалды, бұл 2011 жылдан бергі ең жоғары көрсеткіш…
Подробнее

Жыл қорытындысы: Күре жолдан бастап энергия көздерімен жабдықтауға дейін – Қазақстан инфрақұрылымы қалай жақсаруда

  Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев белгілеген инфрақұрылымды жаңғыртудың кешенді тәсілі – маңызды бағыттардың бірі. Әр міндетке басымдық беру 2024 жылғы ақпанда Үкіметтің кеңейтілген отырысында Қазақстан Президенті инфрақұрылымды дамыту мемлекеттік саясаттың аса маңызды басымдықтарының бірі екенін атап өтті. Ол көлік, энергетика және әлеуметтік инфрақұрылымды жаңғырту қарқынын жеделдету, сондай-ақ мемлекеттік және жеке инвестицияларды тиімді пайдалану қажеттігін баса айтты. Негізгі міндеттер қатарында логистика мен көлік коммуникацияларын жақсарту, жаңартылатын энергия көздерін дамыту, шалғай және ауылдық елді мекендердегі азаматтардың өмір сүруіне қолайлы жағдай жасау мәселесі айқындалды. Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев инфрақұрылымдық жобалардың сапасын арттыруға, оларды жүзеге асыру мерзімдерін сақтауға және қаражаттың жұмсалуын мұқият бақылауға баса…
Подробнее

Жыл қорытындысы: Су инфрақұрылымын дамыту және Қазақстанның орнықты болашағы үшін технологияларды енгізу

Қазақстан су ресурстарын басқару жүйесін реформалауда елеулі қадам жасады. Бұл өзгерістер суды тұрақты және тиімді пайдалануға, сондай-ақ климаттың өзгеруі жағдайында қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған. 2024 жылдың қорытындысы бойынша шолулар топтамасы аясында Primeminister.kz сайты еліміздің су шаруашылығының болашағын қалыптастыратын негізгі бастамалар туралы толығырақ тарқатады. Президенттің «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты халыққа Жолдауында су ресурстарына қол жеткізу және сапасы мәселесіне баса назар аударылды. Су тапшылығы проблемасы халық саны мен экономиканың өсуі аясында өзекті бола түсуде. Қазақстан трансшекаралық су көздеріне тәуелді болып қала береді, бұл теңгерімді су саясатын жүргізу қажеттілігін күшейтеді. Президент «Еуразия құрлығындағы өзендер мен каналдар – баршамызға ортақ табиғат байлығы, осы…
Подробнее

Жыл қорытындысы: Өнеркәсіптік жаңғырту және отандық өндірушілерді қолдау – экономикалық тұрақты өсудің негізі

  Мемлекет басшысы «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты халыққа Жолдауында өнеркәсіптік әлеуетті толық ашу шараларын күшейтуді тапсырды. Қасым-Жомарт Тоқаев терең өңдеу тәсілін меңгеруге басымдық берілген 17 ірі жобаның тізімін атап өтті. Өз шикізатымыз бен құрал-жабдықтарымызды барынша пайдалану, ірі кәсіпорындарға жапсарлас өндірістер ашу маңызды. Жобалар экономиканы әртараптандыру және өңдеу өнеркәсібінің бәсекеге қабілеттілігін ынталандыру бағдарламасы шеңберінде іріктелді. Олар металлургия, химия, мұнай-химия, автокөлік, туризм, ауыл шаруашылығы және тамақ өнеркәсібі сияқты негізгі салаларды қамтиды. Басым бағыттардың бірі – оң нәтижелерге қол жеткізіліп отырған машина жасау саласы. Әрі қарай өсу үшін қазіргі қарқынды сақтау және өндірісті оқшаулау деңгейін дәйекті түрде…
Подробнее