Мәскеу кешеден бері «қазақ» деп сөйлеп тұрғандай әсер қалдырды
Қаланың басты көшелеріндегі бейне экрандар мен баннерлерде «Ваше превосходительство, қош келдіңіз!» деген жазумен Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бейнесі тұр. Көк байрақ туымызбен өрнектелген Мәскеу көшелері біздің Президентке көрсетілген құрмет екені анық. 📌Қарашаның 11–12-сі күндері Мемлекет басшысы Ресейге мемлекеттік сапары өтуде. Екі күнге жоспарланған бұл сапар стратегиялық серіктестіктің жаңа кезеңін ашатын маңызды кездесу болмақ. Жалпы кездесу бастамасы жаман емес, күтіп алу рәсімі жоғары деңгейде өтті десек болады. Қазақша сайраған студенттердің жылы лебізі мен Путиннің Тоқаевты өз үйіне «шайға шақыруы» бәрінен де ерекше ілтипаттың көруге болады. Айтпақшы, мұндай бейресми құрмет осы уақытқа дейін тек Қытай басшысына ғана көрсетілген деседі. Үш сағатқа созылған…
