Заңды білмеген — зардап шегеді
Облыстық Жастар-ресурстық орталығы «Заң және тәртіп» нарративі аясында Көкшетау гуманитарлық-техникалық колледжінің студенттерімен кездесу өткізді. Мұндай кездесулер қаладағы жоғары оқу орындары мен техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының жастары арасында тұрақты түрде ұйымдастырылып келеді. Кездесудің басты мақсаты — жастардың құқықтық мәдениетін қалыптастыру, мемлекеттік органдарға деген сенімді нығайту, заң талаптарын сақтау қоғамның күнделікті нормасына айналуына ықпал ету. Іс-шараға «AE Group consulting» ЖШС директорының орынбасары Әлішер Ерназаров, Ақмола облысы полиция департаментінің есірткіге қарсы басқармасының жедел аға уәкілі, полиция подполковнигі Разия Курсанова және Көкшетау қаласы полиция басқармасының қылмыстық полиция бөлімінің аға жедел уәкілі, полиция капитаны Тимур Бажиров қатысты. Кездесу барысында жастар арасындағы құқық бұзушылықтың…
