Есіл ауданында су тасқыны кезеңіне дайындық күшейтілді
Көктемгі су тасқыны кезеңіне дайындық Есіл ауданында жүйелі әрі жоспарлы түрде жүргізілуде. Бұл жұмыстар өткен жылғы 15 мамырда облыс әкімі бекіткен Кешенді жоспарға сәйкес атқарылып жатыр. Жоспарға Есіл қаласы және Двуречное, Курское, Московское ауылдары енгізілген. Есіл қаласында бірқатар нақты шаралар жүзеге асырылды. Қаланың бірнеше учаскесінде су өткізу құрылыстары орнатылып, қауіпті аймақтарда жер қорғаныс біліктері салынды. Макаренко көшесіндегі көпқабатты үйлер маңында және «Солтүстік» шағын ауданында қорғаныс дамбалары тұрғызылды. Сонымен қатар Ғарышкерлер және Әуезов көшелеріндегі су бұру арналары тереңдетіліп, тазартылды. Бұл жұмыстар көктемгі қар суының кедергісіз ағуына мүмкіндік береді. Московское ауылында Жаныспай өзеніндегі су өткізу арнасы кеңейтіліп, тереңдетілді. Ал Курское ауылында ұзындығы…
