Ақмола облысында Есіл және Елтай елді мекендеріндегі жаңартылған теміржол вокзалдары ашылды
Ақмола облысында теміржол инфрақұрылымын ауқымды жаңғырту жұмыстары жалғасуда. Бүгін Есіл қаласы мен Елтай ауылындағы қайта жаңғыртудан өткен вокзалдар жолаушыларды қабылдай бастады. Осылайша, өңірде республикалық жобаға енгізілген 16 теміржол вокзалының 14-і жаңартылды. Ақмола облысы теміржол инфрақұрылымын жаңғырту бағдарламасын іске асыру бойынша көшбасшы өңірлердің қатарында. Жоба аясында жолаушылар нысандарын заманауи талаптар мен тұрғындардың қажеттіліктеріне сай жаңарту көзделген. Есіл қаласында қайта жаңғыртудан кейін ауданы 485,4 шаршы метр болатын вокзал ғимараты заманауи келбетке ие болды. Ішкі бөлмелер мен іргелес аумақ абаттандырылды. Бұланды ауданындағы Ельтай ауылында вокзалды қайта жаңғырту және абаттандыру жұмыстарының негізгі бөлігі аяқталды. Ғимараттың жалпы ауданы 200 шаршы метрден асады. Елтай тұрғындары үшін…
