БІРЛІК ПЕН КЕЛІСІМ – басты құндылық
Әлемге тәуелсіз ел болып танылған кезеңнен бері Қазақстанды мекендеп отырған барлық ұлттар мен ұлыстардың бірлігін нығайтуға, азаматтардың демократиялық нормаларға сүйенетін саяси-құқықтық мәдениетін қалыптастыруға айырықша мән беріліп келеді. Біздің халқымыз өзінің табиғатынан, өзінің жаратылысынан елдің бірлігін, ағайыннның татулығын бәрінен биік қоя білгендігі ақиқат. Тарихтың түрлі қиын-қыстау кезеңдерінде қазақтың даласын қоныстанған түрлі халықтың баласын оның ұлтына да, тіліне де, дініне де қарамастан бауырына басып, барын бөлісе білген, жандарын аман сақтап қалған қазақ халқының осы бір жақсылығын Қазақстандағы түрлі этнос өкілдері әрдайым алғысты көңілмен еске алып отырады. Бізге дәуірдің аса бір сындарлы кезеңінде қалыптасқан этносаралық бірлік пен келісімді…
