Ақмолада «Құқықтық дәріхана» акциясы өтті: курсанттар мен оқытушыларға тегін құқықтық көмек көрсетілді
Ақмола облысында құқықтық сауаттылықты арттыруға бағытталған маңызды іс-шаралардың бірі – «Құқықтық дәріхана» акциясы ұйымдастырылды. Аталған шараны Ақмола облысының прокуратурасы Әділет департаментімен бірлесіп өткізді. Сонымен қатар іс-шараға Полиция департаменті, Экономикалық тергеп-тексеру департаменті, адвокатура, нотариат және жеке сот орындаушыларының өкілдері қатысты. Акция Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Мәлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясында өтіп, оқу орнының оқытушылары мен курсанттарын қамтыды. Іс-шара барысында қатысушыларға Конституциялық соттың №27 және №38 нормативтік қаулыларының негізгі нормалары жан-жақты түсіндірілді. Шараның басты ерекшелігі – тәжірибелік бағытта ұйымдастырылуы болды. Академияның 100-ден астам оқытушысы мен курсанты нақты құқықтық сұрақтарына жауап алып, білікті мамандардан кеңес алды. Полиция өкілдері интернет-алаяқтардың кең таралған…
