Ақмола облысында Мемлекеттік басқару академиясына қабылдау басталды
Сәуір айының басынан бастап Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясына жаңа оқу жылына құжат қабылдау басталды. Биыл болашақ магистранттар мен докторанттар үшін бірқатар маңызды өзгерістер қарастырылған: оқу бағдарламалары көбейіп, гранттар саны артты. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Академияның Ақмола облысы бойынша филиалының директоры Әсет Әбжақов мәлімдеді. Абитуриенттер үшін басты жаңалық – мемлекеттік тапсырыстың айтарлықтай ұлғаюы. Енді магистратураға бюджет есебінен 200 адам қабылданады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 80 орынға көп. Құжаттарды 1 маусымға дейін admission.apa.kz онлайн жүйесі арқылы тапсыруға болады. Білім беру бағдарламаларының тізімі де кеңейіп, 12-ден 15-ке дейін артты. Жаңа бағыттардың қатарында «Цифрлық мемлекеттік басқару», «Құқық» және…
