«Ақ жол» Демократиялық партиясы Ұлттық кеңесінің пленумы Жаңа Конституция жобасын қолдады
2026 жылғы 4 ақпан, «Ақ жол» демократиялық партиясының баспасөз қызметі «Ақ жол» Демократиялық партиясының орталық кеңсесінде партияның Ұлттық кеңесінің Пленумы өтті. Онда қатысушылар Парламенттік фракцияның Жаңа Конституция жобасын қолдау жөніндегі ұсынысын талқылады. Партия төрағасы Азат Перуашев 2025 жылдың қыркүйегінен бастап әуелі Парламенттік реформа жөніндегі Жұмыс тобының, кейіннен Конституциялық комиссияның құрамында Жаңа Конституция жобасы бойынша атқарылған жұмыстар жайында баяндады. Жобаның негізгі ережелерін «Ақ жол» Демпартиясы фракциясының мүшесі, ҚР Парламенті Мәжілісінің вице-спикері Дания Еспаева таныстырды. Талқылау барысында партия төрағасының орынбасары, Мәжіліс депутаты Қазыбек Иса, Мәжіліс депутаты Серік Ерубаев, партияның парламенттік фракциясы аппаратының басшысы Берік Дүйсембинов, «Ақ жол» Демпартиясының Астана қалалық филиалының төрағасы,…
