Еліміздің 100 мыңнан астам түлегі «Таза Қазақстан» акциясына қатысты
Бүгін Қазақстанның барлық аймақтарында «Түлектердің ағаш егу» атты ауқымды экологиялық акциясы өтті. «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бағдарламасы аясында 9 және 11-сынып бітірушілері мектеп аулаларында, саябақтар мен скверлерде мыңдаған көшет отырғызды. ҚР Оқу-ағарту вице-министрі Жайық Шарабасовтың қатысуымен өткен орталық іс-шара республика бойынша 100 мыңнан астам оқушының басын қосты. Бастаманың негізгі мақсаты — жастарды қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне тарту және экологиялық мәдениетті қалыптастыру. Акция білім беру ұйымдарында жарияланған «Еңбекқорлық және кәсібилік» айлығы аясында өтуде. Іс-шаралар бағдарламасы тек экология мәселелерін ғана емес, сонымен қатар Халықаралық балалар кітабы күні және Ескерткіштерді қорғау күні сияқты мәдени-ағартушылық жобаларды да қамтиды. Олардың барлығы азаматтық жауапкершілікті тәрбиелеуге және тарихи…
