Ақмола облысында санитариялық бақылау цифрландырылуда
Ақмола облысында санитариялық-эпидемиологиялық қызметті цифрландыру есептілікті өңдеу уақытын қысқартып, кәсіпкерлермен жұмысты жеңілдетуге және жұқпалы аурулардың таралуын бақылауға мүмкіндік беріп отыр. Бұл туралы брифингте облыстың бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Серік Омарханов мәлімдеді. Санитариялық-эпидемиологиялық қадағалаудың ақпараттық жүйесі бақылаудағы объектілер туралы мәліметтерді жинауға, талаптарға сәйкес келмейтін өнімдерді есепке алуға және қосымша бақылауды қажет ететін нысандарды анықтауға көмектеседі. 2026 жылдың тоғыз айында e-sen.kz платформасын пайдалану нәтижесінде есептілікті қолмен өңдеу көлемі 23,8%-ға азайып, цифрлық есептілік көлемі 47,7%-ға артқан. Кәсіпкерлерге арналған ұсынымдарды дайындау уақыты екі күннен 15 минутқа дейін, ал объектілер туралы мәліметтерді алу мерзімі үш күннен бір сағатқа дейін қысқарған. «Цифрлық жүйелер мамандардың жұмысын…
