Көкшетауда «ROAD TO ASTANA 2027» эстафетасы аясында спорт фестивалі өтті
Көкшетауда 2027 жылы Астанада өтетін үстел теннисінен әлем чемпионатына арналған «ROAD TO ASTANA 2027» ұлттық жобасының екінші кезеңі ұйымдастырылды. «Kokshe Arena» спорт кешенінде халықаралық жарыстың ресми туы таныстырылып, қала тұрғындары мен қонақтарына арналған спорт фестивалі өтті. Фестиваль алаңында үстел теннисін ойнауға арналған орындар, интерактивті ойындар, фотозоналар мен жергілікті өндірушілердің жәрмеңкесі жұмыс істеді. Қолөнершілер мен өңір креаторларының көрмесінде авторлық бұйымдар мен шығармашылық жұмыстар ұсынылды. Келушілер шеберлердің еңбегімен танысып, олардың өнімдерін тамашалады. Іс-шараның негізгі бөлімінде Халықаралық үстел теннисі федерациясының (ITTF) ресми туы салтанатты түрде таныстырылды. Оны республикалық жарыстардың бірнеше дүркін чемпионы әрі жүлдегері Меруерт Тәжімова мен үстел теннисінен Ақмола облысының чемпионы Мансұр…
