Қазақстанның IT-қызметтер экспорты бес жылда шамамен 34 есеге өсті
Соңғы бес жылда Қазақстанның IT-қызметтер экспорты 2020 жылғы 33,5 млн АҚШ долларынан 2025 жылдың қорытындысы бойынша 1,142 млрд АҚШ долларына дейін өсті. Осылайша, салыстырмалы түрде қысқа уақыт ішінде IT-қызметтер қалыптасып келе жатқан бағыттан ел экспортының маңызды салаларының біріне айналды. IT-қызметтер экспорты осы кезең бойы тұрақты өсім көрсетті. 2021 жылы экспорт көлемі 60,07 млн АҚШ долларын, 2022 жылы 337 млн АҚШ долларын, 2023 жылы 529,1 млн АҚШ долларын, 2024 жылы 690,7 млн АҚШ долларын құрады. Ал 2025 жылы бұл көрсеткіш алғаш рет 1 млрд АҚШ долларынан асты. Сонымен қатар Қазақстан IT-қызметтердің нетто-экспорттаушысы деңгейіне шықты. Экспорттан түскен табыс шетелдік цифрлық шешімдерді…
