Ақмола облысының диқандары егін жинауға кірісті
Қазақстанда өсірілетін бидайдың төрттен бірін өндіретін өңірде рекордтық өнім жинау жоспарлануда. Жергілікті биліктің мәліметінше, егін жинау науқанының алғашқы күнінде ғана 41 мың гектар алқапқа бидай жиналған. Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің алдын ала деректері бойынша жалпы астық жинау 5,2 млн тоннаны құрайды, орташа өнімділігі 11,2 ц/га. Ал кейбір шаруашылықтарда - Атбасар ауданының «Шуйское» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде бұл көрсеткіш гектарына 25 центнерді құрайды. Облыста барлығы 5,4 млн. га алқапта егін жинау жұмыстарын жүргізіледі, оның ішінде дәнді дақылдар 4,7 млн. га құрайды. Жалпы сыйымдылығы 4 млн тоннадан асатын 65 лицензияланған астық қабылдау кәсіпорындарының және 2,8 млн тоннаға арналған ауыл шаруашылығы өндірушілері бар астық…
