Алты өңірде пилоттық режимде «қандас» мәртебесін беру және «Ата жолы» картасын ресімдеу қызметі іске қосылды
📲 2024 жылы Қазақстанда FSM Social мобильдік қосымшасын пайдалана отырып, қоныс аударушылар мен қандастарды жергілікті қоғамдастыққа бейімдеу және интеграциялау жөніндегі қызметтер едәуір кеңейтілді. Бұл қолданба 25 түрлі қызметті қамтиды әрі көрсетілетін көмектің нәтижесін Отбасының цифрлық картасы арқылы бақылауға болады. 12 мыңға жуық қандас пен қоныс аударушылар осы қызметтерді пайдаланып үлгерді. 📱 2024 жылдың қазан айынан бастап Қазақстанның алты өңірінде пилоттық режимде migration.enbek.kz порталындағы мобильді қосымша арқылы «қандас» мәртебесін беру және «Ата жолы» картасын ресімдеу қызметі іске қосылды. 🔷 Заңнамалық бастамалар шеңберінде қоныс аударушыларға ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін конкурстан тыс тәртіппен бес жылға дейінгі мерзімге алуға құқық беретін, сондай-ақ материалдық…
