Жақсы ауданында теміржол вокзалы қайта жаңғыртудан кейін пайдалануға берілді
Ақмола облысының Жақсы ауылында күрделі жөндеуден өткен теміржол вокзалы пайдалануға берілді. Нысан теміржол инфрақұрылымын жаңғырту бағдарламасы аясында толық қайта жаңартылды. Ашылу рәсіміне Ақмола облысы әкімінің бірінші орынбасары Елдос Рамазанов, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ өкілдері, теміржол саласының ардагерлері және аудан тұрғындары қатысты. «Вокзалдарды қайта жаңғырту Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жүзеге асырылуда. Ақмола облысында 16 теміржол вокзалы жаңартылып жатыр. Бұл – еліміздегі өңірлер арасындағы ең жоғары көрсеткіш. Бұған дейін күрделі жөндеуден өткен Щучинск, Шортанды, Макинск және Ақкөл вокзалдары пайдалануға берілді. Теміржол вокзалы – кез келген елді мекеннің келбетінің айнасы. Бүгін біз жай ғана жаңартылған ғимаратты емес, тұрғындар мен жолаушыларға қолайлы, заманауи…
