Елімізде жаз басталғалы бері қайта жаңғыртудан өткен 70 теміржол вокзалы ашылды
Қазақстанда жаз басынан бері ауқымды қайта жаңғырту жұмыстарынан кейін 70 теміржол вокзалы пайдалануға берілді, оның ішінде 40 нысан шілде айында ашылды. Нысандарды қайта жаңғырту Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша еліміздегі 124 теміржол вокзалын реконструкциялау және жаңғырту бағдарламасы аясында жүзеге асырылуда. Қайта жаңғырту аясында ірі өңірлік вокзалдармен қатар шағын станциялар да жаңартылды. Ең ауқымды жұмыстар Ақмола облысында атқарылды, мұнда 12 вокзалда жөндеу жүргізілді. Қарағанды облысында 11 нысан жаңартылды, оның ішінде жолаушылар платформалары мен Қарағанды – Сортировочная станциясының инфрақұрылымы бар. Сонымен қатар жұмыстар Атырау, Ақтөбе, Қызылорда, Алматы, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Павлодар, Қостанай, Маңғыстау, Түркістан, Жамбыл облыстарында, Жетісу және Ұлытау облыстарында…
